Алмагүл Райхан тоғыз ай көтеріп дүниеге әкелген баласына ұл тапсам Ерболат деген ат қойылса деп іштей армандаған екен. Бірақ қазақы салттың қаймағын бұзбаған оралмандар отбасы үлкендердің алдын орай алмадық дейді. Олар жайқалып өсетін мәңгі жасыл ағаштың атын ырымға балап жатырқамаған. Алғашында баланың құжатын өткізгелі келгенде құзырлы органдар ат тондарын ала қашыпты. Кейіннен туу туралы куәлікке «Ёлка» деп жазып беруге ақыры келіскен. Дегенмен Монғолияда бұл есім жаңа жыл қарсаңында туылғандарға жиі беріледі екен. Тіпті, осы атпен жүрген қаусаған қарттар да бар көрінеді.
Алмагүл Райхан Теміртау қаласының тұрғыны:
— Моңғолияда Ёлка деген ат бар. Көбісінде моңғол кісілерінің аттары Ёлка. Дәл 31 күні туылған балалардың аттары Ёлка, үлкен кісілер де бар ондай кішкене балалар да бар. 16 жасқа келгенде атымды өзгертем деп шығып жатса, өзгертіп береміз енді.