Теміртаулық волейболшылар ел чемпионатының 4-турын сәтті өткізуде - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
0 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртаулық волейболшылар ел чемпионатының 4-турын сәтті өткізуде

Теміртаулық волейболшылар ел чемпионатының 4-турын сәтті өткізуде

Теміртауда волейболдан жоғары лиганың «А» тобындағы әйелдер командалары арасында ХХ Қазақстан чемпионатының 4-туры өтуде.

  • 20 Наурыз 2012
  • 540
Фото - Caravan.kz


Онда қазір жарыс қожайындары («Спартак АМТ») ғана жеңіліссіз келе жатыр. Олар қарағандылық («Қарағанды-2»), оралдық («Грация») және қостанайлық волейболшыларды ойсырата (3:0) жеңді. Алматылықтар («Алматиночка») болса «Грация», «Қостанай», «Қазхром» (Павлодар) командаларына 0:3 есебімен есе жіберді. Олар енді «Қарағанды-2» мен «Спартак АМТ» командаларымен кездеседі. Ал теміртаулықтар Алматы мен Павлодардан келген құрбыларымен күш сынасады. «Қазхром» волейболшылары бұған дейін қарағандылықтарды 3:2, алматылықтарды 3:0 етіп ұтып, қостанайлықтардан ғана 0:3 есебімен жеңіліс тапқан.