Теміртаулық волейболшылар Қырғызстанның ашық чемпионатына қатысуда - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртаулық волейболшылар Қырғызстанның ашық чемпионатына қатысуда

Теміртаулық волейболшылар Қырғызстанның ашық чемпионатына қатысуда

Бішкекте 23-27 қаңтар күндері Қырғызстанның волейболдан әйелдер командалары арасында V ашық чемпионатының 1-ші туры өтті. Қазақстан Республикасының волейбол федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, оған Қырғызстаннан Бішкектің «Салам-Алик», «Намыс» (Бішкек), «Улар» және Оштың «Алай-Датка» мен Қазақстаннан Теміртау қаласының негізгі және 1998-99 жылы туған жасөспірімдерінен құралған «Спартак АМТ» командалары қатысты.

  • 28 Қаңтар 2013
  • 404
Фото - Caravan.kz

Алғашқы турда Теміртаудың «АМТ Спартак» командасының негізгі құрамы «Улар», «Алай-Датка» мен өзінің жасөспірімдер құрамасын 3:0, ал «Намыс» пен «Салим-Алик» командаларын 3:1 есебімен ұтты. Жасөспірімдер болса «Алай-Датка» мен «Салам-Аликке» 1:3, ал өзге командаларға 0:3 боп ұтылды.

«Бірінші рет турнирге биыл шекарадан тыс жердегі командалар қатысуда. Мұндай қадамға біз өз волейболшылармыздың шеберлігіне алаңдағандықтан баруға мәжбүр болдық. Негізгі мақсат сәуір айында Стамбулда өтетін түркітілдес елдердің чемпионатына ойыншыларды іріктеу», — дейді Қырғыз Республикасының волейбол федерациясының Бас хатшысы Кылычбек Сарбагишев.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера