Теміртаулық жас құтқарушылар Украинада өтетін халықаралық жарысқа қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртаулық жас құтқарушылар Украинада өтетін халықаралық жарысқа қатысады

Теміртаулық жас құтқарушылар Украинада өтетін халықаралық жарысқа қатысады

Қарағанды облысындағы Теміртау қаласының жас құтқарушылар командасы Украинадағы халықаралық жарысқа қатысады, деп облыстық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 22 Маусым 2011
  • 485
Фото - Caravan.kz

«Укриананың оңтүстігіндегі Николаевск облысында шілденің 4-11 аралығында жас құтқарушылардың «Қауіпсіздік мектебі» атты халықаралық жиын-жарысы өтеді. Жақында осы жарыстарға қатысуға Украинаға «SOS детская деревня Темиртау» («SOS Теміртау балалар ауылы») түлектері аттанады. Балаларды ол жарыстарға дайындауда біздің Қарағанды облыстық ТЖД құтқару бөлімшесінің манадары көмектесті», — деді Қарағанды облыстық ТЖД оперативтік-құтқару бөлімшесінің бастық орынбасары Сергей Ракуль сәрсенбі күні.

Оның айтуынша, жас құтқарушылар техногендік апаттық аудандарда, радиоактивтік немесе химиляқ уланған жерлерде және т.б. ТЖ жағдайында жұмыс істей алатынын көрсетулері тиіс. Олар өрт сөндіруде және әскери дайындық бойынша жарысады. Жарыс кезеңдері биік ғимарат пен судан адамды құтқару кезеңдерін қамтиды.

«Бірнеше ай бойына балалар құтқарушылар шеберлігін игерді. Олар арқанды әр түрлі тәсілмен түюге, жарға өрмелеуге, арқанмен түсуге, противогаз бен химиялық қорғаныс Л-1 костюмдерін киіп үйренді. Сонымен қатар апаттық жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетуге де үйренді», — деді С. Ракуль.

Соңғы жаңалықтар