Себебі, Үкімет республикалық бюджетті қаржыландыру мақсатында Қазатомпром акцияларын Ұлттық қорға сату үшін 467,4 миллиард теңге жұмсайтын болып шешті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Бұл туралы қаржы маманы пікір білдірді.
Осы аптадан бастап Ұлттық Банк Ұлттық қордан 970 миллион АҚШ долларын алып, оны Қазақстан қор биржасында теңгеге айырбастап, бюджетке аударып отыратын болады.
Айбар Олжаевтың сөзінше, дәл осы конвертациялар теңге бағамына үлкен демеу болады.
Өткен аптаның соңғы жұмыс күні теңге/доллар жұбы 475,03 курсымен жабылған болатын. Ұлттық Банк хабарламасы осы аптадағы сауда-саттық сессиясының ашылуына тұспа-тұс келгендіктен, тіпті осы жаңалықтың өзі теңгенің күшеюіне бірнеше пункт қосып беретіні сөзсіз.
Ұлттық банк 970 миллион долларды бірдан лақ еткізіп ауыстыра салмайды. Себебі, ол биржада үлкен ауытқулар туғызар еді. Конвертациялар шілдеден бастап төрт ай бойы жүріп отырады. Сонда ай сайын мемлекет тарапынан 243 миллион доллардан сатылмақ.
Ұлттық банктің осылай өзінің конвертациялық жоспарын алдын-ала ашық жариялап отыруы нарыққа жағымды әсер беруде. Ешқандай шок жоқ, нарықта алдын-ала күтулер режимі толық орнаған. Бұл нарық қатысушыларының да, халықтың да жүйке жүйесін стресстен қорғап, оларға инвестициялық стратегияны дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді.