Теңге бағамы былтырғы деңгейге қайта түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 495.1
  • 583.72
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теңге бағамы былтырғы деңгейге қайта түсті

Теңге бағамы былтырғы деңгейге қайта түсті

Бүгін Астана уақытымен таңғы 10:00-де Брент маркалы мұнайдың бағасы барреліне 53,50 доллар шамасында болды. Кеше 54 доллардан асқан қара алтын бүгін түнде күрт арзандап, қазір қайта көтеріле бастағандай.

  • 11 Қаңтар 2017
  • 384
Фото - Caravan.kz

Жалпы, шикізаттың бүгінгі бүгінгі бағасы желтоқсанның бірінші жартысындағы деңгейде. Бағаның бұлай түсуіне сеп болған АҚШ мұнай институтының апталық мәлімдемесі, дейді трейдерлер. Сонымен қатар ОПЕК+ келісімінің толығымен іске асыуына нарықтың күмәнмен қарауы да бағаны төмен тартып отыр.

Өз кезегінде доллардың да теңгеге шаққандағы бағамы 333,94 ке жетіп, жыл басынан бергі ең қымбат нүктеге жетіп отыр.