Теңге нығайып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теңге нығайып келеді

Теңге нығайып келеді

Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық сессиясы аяқталды.

  • 9 Қыркүйек 2016
  • 428
Фото - Caravan.kz

Спот-нарығындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша:

— есептесуі теңгемен Т+0 (USDKZT_TOD) АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 337,52 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 79 200 мың АҚШ долларын құрады;

— есептесуі теңгемен Т+1 және Т+2 АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

— есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 теңгемен еуро бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

— есептесуі Т+0, Т+1 және Т+2 еуромен АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер тіркелген жоқ;

— есептесуі Т+0 теңгемен Ресей рублінің (RUBKZT_TOD) орташа сараланған бағамы бір Ресей рубліне 5,2686 теңгені құрады, сауда-саттық көлемі 35 000 мың рубль болды.

Таңертеңгілік және күндізгі сессияның қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 337,41 теңгені (+0,25 теңге) құрады, сауда-саттықтың жиынтық көлемі — 109 000 мың (+18 050 мың).


Валюталық своп операциялары нарығында:

— USDKZT_0_001 бойынша орташа сараланған кірістілік +12,8114 % құрады, сауда-саттық көлемі — 215 500 мың АҚШ долларын құрады;

— USDKZT_0_002 бойынша орташа сараланған кірістілік +13,0000 % құрады, сауда-саттық көлемі — 5 000 мың АҚШ долларын құрады;

— EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылу сәтінде KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеулер болған жоқ.

Сауда-саттыққа 26 банк қатысты.