«Теңге тегеурінін енді көрсетеді» - республикалық басылымдарға шолу - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
	

«Теңге тегеурінін енді көрсетеді» - республикалық басылымдарға шолу

«Теңге тегеурінін енді көрсетеді» - республикалық басылымдарға шолу

«Айқын» басылымы бүгінгі санында «Теңге тегеурінін енді көрсетеді» деген тақырыппен мақала жариялап, онда «Кедендік одақ аясында «ортақ валюталы аймақ» құрылатын болса, интеграциялық үдеріс қалай өрбиді және ұлттық теңгенің жайы не болады?» деген сауалдарға жауап іздеп көрген. «Егер ортақ валюта өмірге келе қалса, ол ешбір мемлекеттің құзырына бағынбайтын және баршаға бірдей қызмет ететін еуро нұсқасының біздің аймақ жағдайындағы бір көрінісі болары анық. Ал бұдан ұтпасақ, ұтылмаймыз», - дей келе, «ортақ валюта тәуелсіздікке нұқсан келтіреді» деп қобалжуға ешбір негіз жоқ екендігіне жете тоқталады. «Қазақстан тәуелсіздігінен айырылмақ түгіл, одақтағы ең жетекші мемлекет болуы әбден мүмкін. Өйткені біздің қазіргі және болашақтағы эконоикалық жағдаймыз Ресейге «көз сүзбейтіндей» өмір сүруімізді қамтамасыз ете алады», - делінген мақалада.

  • 14 Шiлде 2011
  • 515
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар «Айқын» газетінде жарияланған «Ауызсу алтыннан да қымбат құндылыққа айналады» деген мақалада Қазақ елі мен «Аспанасты елі» арасында ортақ су көздерін бөлісудің осыған дейін болған барлық дерлік түйіндері енді үш жылдан кейін тарқауы ықтимал екендігі айтылады. Онда хабарланғанындай, кеше Астанада жұмысын бастаған Ислам ынтымақтастық ұйымының кеңесшілік тобының жиынында Қазақстан мен Қытайдың трансшекаралық өзендер суын бөлу бойынша келісімді 2014 жылы бекітуі мүмкіндігі жарияланған. «Айтпақшы, осы отырыста тағы бір жаңалық мәлім болды: жақында ғана қазақ жерінде өз атауын ауыстырған осынау жаһандық мұсылман ұйымына Қазақстанның төрағалығы барысында әлемдегі барлық Ислам елдерінің ортақ Су стратегиясы қабылданады деп күтілуде», — деп жазылған материалда.

***

Ал «Алаш айнасы» газетінде басылған «Атырауда ауа жоқ» атты мақалада қаланың экологиялық ахуалы тым мүшкіл екендігіне алаңдаушылық білдірілген. Газеттің жинаған деректеріне сәйкес, Атырау ауасынан көмірсутек пен меркаптанның шамадан тыс мөлшері бар көрінеді. «Нәтижесінде мұнайлы қалада нафталин, фенантрен, антрацен сынды хош иісті көмірсутектердің көбейіп кеткені анықталды. Атыраулықтар тыныстап жүрген ауаның құрамында күкіртсутек пен азот оксиді бірнеше есеге көп», — деп жазады басылым.

Соңғы кездері елдің медицина саласына өте көп сын айтылып жүр. «Алаш айнасы» газетінің бүгінгі санында денсаулық сақтау саласының жедел жәрдем көрсету қызметіне қатысты сыни мақаласы жарияланып отыр. «Екі аяғыңды тең басып, дәрігердің алдына өзің бара алатындай жағдайда сөз басқа, ал қарға адым жер мұң болып, өмір мен өлім арасында жатқанда жедел жәрдем қызметінің ауадай қажеттігі сөзсіз. Сондықтан басқа басқа, науқасты өлімнен арашалап қалатын, алғашқы медициналық қызмет көрсететін жедел жәрдем қызметі неғұрлым жылдам болып, талапқа сай, барлық уақытта өз қызметіне сақадай сай тұруы қажет-ақ. Әйтсе де халықты сауықтырмақ түгіл, өзі «дімкәс» медицина саласының жедел жәрдем қызметіне айтылар сын азаймай тұр», — делінген «Жедел жәрдемге жәрдем қажет» деген тақырыппен жарық көрген мақалада.

***

«Реконструкциядан өткен Ақбақай алтын өндіру фабрикасы жылына 2,8 тонна құйма алтын беретін болады», — деп хабарлайды «Казахстанская правда» газеті «Драгоценный подарок стране» атты мақалада. Өткен жылдың қыркүйек айында Жамбыл облысына іс-сапармен барған Президент Н. Назарбаев «Алтыналмас» АҚ басшылығының фабриканы қайта жаңартудан өткізу жөніндегі ұсынысын қолдаған болатын. 9 ай өткен соң Мемелекет басшысы жалпы ұлттық телекөпір кезінде ҮИИДБ аясында жаңадан түлеген өндірісті қайта іске қосты. Бұл Ақбақай тау-кен байыту комбинаты мен бүкіл елдің алтын өндіру саласы үшін ғана емес, сонымен қатар тараздан 600 шақырым тұста Бетпақдаланың шөлді жерді орналасқан Ақбақай ауылының 1 350 тұрғыны үшін де жаңа кезеңнің басталуын білдіреді.

Соңғы жаңалықтар