Жарияланды: 90

Теңге төмендеп жатқанда, үй бағасы қымбаттап кетті

Теңге төмендеп жатқанда, үй бағасы қымбаттап кетті Сурет - Ktk.kz

Жығылғанға жұдырық!

Теңге бағамы төмендеп жатқанда, кей өңірлерде баспана бағасы артты. Ең қызығы, үй құны мегополистерде ғана емес, халқы аз қалалардың бірінде қымбаттап кеткен. Жылжымайтын мүлік нарығындағы өзгерістерге не себеп? Бұл сұраныстың артқаны ма, әлде біз білмейтін факторлар бар ма? Жалпы, АҚШ валютасының аспандауы еліміздегі пәтер саудасына қалай әсер етеді?

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Нарықтағы соңғы өзгерістер баспана аламын деп, тапқан-таянғанын тірнектеп жинап жүргендердің салын суға кетіргені анық. Өйткені, пәтерлі болу бақыты одан сайын алыстай түсе ме де қорқады. Бірақ, жылжымайтын мүлік саласындағы мамандар «үй бағасы қымбаттайды» дегенді жоққа шығарды. Себебі, тұрғын үй нарығы теңгеге тәуелді дейді олар.

АЙЖАН БОЛАТҚЫЗЫ, ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК БОЙЫНША МАМАН
"Әр жылы бізде 10 және 8 пайызға соғылып жатқан үйлер көп болған соң үйлер арзандайды, енді мүмкін арзандамауы. Қазіргі уақытта барлық жылжымайтын мүліктер теңге бойынша сатылып, теңге бойынша есептеледі. Сондықтан біз, әрине, долларға қарайсыз. Бірақ та барлық айлық, барлық бізде ипотека бойынша, есептер болған кезде оның барлығы теңгемен саналады".

Яғни, үйдің бағасында әзірге тұрақтылық байқалады. Қашанға дейін жалғасары белгісіз. Пәтердің шаршы метрі елордада екі түрлі. Сол жағалауда жоғары, 310-350 мыңның айналасында. Жалға берушілер доллар өскен бетте, пәтердің бағасын шарықтатып жібергенмен, кейін амалсыздан, төмендетуге мәжбүр болады дейді сарапшылар.

 ДӘУЛЕТ МҰҚАЕВ, САРАПШЫ:
"Дайын болу керекпіз деймін. Үйдің де бағасына келер болсақ, өткен жылмен салыстырғанда, шамамен 7-9 пайызға өсім байқалады. Соның ішінде Алматы қаласы, Шымкент қалалары, Түркістан облысы, соңғы динамикаға қарасам, Семей қаласында да өсім қатты байқалған. Статусы өзгергеніне байланысты. Сұраныс бар жерде ұсыныс болады. Соған сайкес, баға да өсіп отырады".

Ал экономистер баспана бағасының өсуіне әсер ететін бірнеше факторды алға тартты. Ашық деректерге сүйенсек, құрылыс материалдардардың 20-30 пайызы ғана отандық өнім. Қалған 75-80 пайызы сырттан келеді. Яғни, еліміз өзге елдерге тәуелді болғандықтан, үйдің бағасын бас салып, арзандату мүмкін емес. Отандық құрылыс компаниялары да бизнес-кластағы үйлерді салуға әуестеніп кеткен.

АЙЖАН БОЛАТҚЫЗЫ, ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК БОЙЫНША МАМАН
"Оның барлығы сұранысқа байланысты ғой. Мысалы қазірге алатын болсақ, доллар өсіп кетті иа? 30 теңгеге. Ал елдің бағасы олай өсіп кеткен жоққой. Бізде әр екінші адам доллоровый миллионер емес.

Осы ретте мамандар Үкімет тарапынан мемлекеттік, қолжетімді  баспаналардың санын арттыруды талап ету керек деген пікірді ұстанып отыр. Керісінше жағдайда, айлығы шайлығына жетпей жүрген халықтың бар ғұмыры қала шетіндегі сыз тартан қуықтай бөлмеде өте шығары анық.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін