Теңге түстен кейін тағы да күрт әлсіреді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
7 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теңге  түстен кейін тағы да күрт әлсіреді

Теңге түстен кейін тағы да күрт әлсіреді

Еліміздегі қор биржасында қазір 1 АҚШ доллары 350.20 теңгеден саудалануда. Ал КАSЕ-нің таңертеңгі сессиясында бұл баға 347 теңге 86 тиын болатын.

  • 26 Шiлде 2016
  • 510
Фото - Caravan.kz


Жалпы теңгенің долларға шаққандағы бағамы соңғы екі күнде шамамен 11 теңгеге түсіп кетті. Қазір Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 356 теңгемен 356.50 тиын аралығында сатылып жатыр.

Еске сала кетсек, кеше әлемде Brent маркалы мұнайдың бір баррелі мамыр айының басынан бергі ең төменгі баға — 45 долларға дейін құлдыраған.  Brent маркалы мұнай баррелі шілденің басында 50 доллар шамасында болса,  айдың соңына қарай  44,80 долларға дейін арзандады. Бұл шамамен 11 пайызға тең. Кейбір әлемдік сарапшылар жоғары сапалы мұнай бағасы тағы да түседі деген болжам айтуда.  

Перейти к новостям спорта