Теңгенің бағамы бүгінгі жағдайға сай - ҚР ҰБ төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теңгенің бағамы бүгінгі жағдайға сай - ҚР ҰБ төрағасы

Теңгенің бағамы бүгінгі жағдайға сай - ҚР ҰБ төрағасы

Теңгенің қазіргі бағамы бүгінгі жағдайға сай. Бүгін Мәжілісте журналистер сұрағына жауап берген ҚР Ұлттық банкі төрағасы Қайрат Келімбетов осылай мәлімдеді.

  • 7 Қазан 2015
  • 596
Фото - Caravan.kz


Бас банкирдің айтуынша, бастапқы кездегі бағам саудасының өзі оның ауқымы соншалықты үлкен емес екенін көрсеткен. Бұл ретте Қ. Келімбетов саудаласудың ауқымындағы азғантай «секірістердің» теңгенің «жасанды» тапшылығын тудыруы мүмкін екенін де айтып қалды.

«Осындайды болдырмау үшін Ұлттық банк интервенция жасады. Тұтастай алғанда бізде бұған құқық бар, яғни нарықты қадағалай отырып, Ұлтттық банк интервенциялар жасай алады. Бұдан бөлек, біз жыл соңына дейін Ұлтық Қор қаражатын конвертациялауды да жоспарлаймыз. Яғни, валюта нарығында доллар ұсынысы мен оның тапшылығына қатысты еш мәселе болмайды.  Сонымен қатар, бүгінгі күнгі бағам 273 теңгені құрап отыр, менің ойымша бұл біздің валюта бағдарланған сыртқы факторларға, қазіргі жағдайға сай келеді. Бұл ретте мәселе теңге бағамының мұнайдың бүгінгі бағасына барабар келетініне қатысты болып отыр. Мәселен, теңге бағамы 270 болғанда, ақша нарығының мөлшерлемесі — 16, ал рубль бағамы 70, мұнай бағасы — шамамен 50, тіпті одан да төмен. Біз бұл бағаны нарыққа сай деп есептейміз», — деді Қ. Келімбетов. 

Соңғы жаңалықтар