Теңгенің еркін бағамы «Даму» қоры заемшыларына әсер етпейді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теңгенің еркін бағамы «Даму» қоры заемшыларына әсер етпейді

Теңгенің еркін бағамы «Даму» қоры заемшыларына әсер етпейді

Теңгенің еркін бағамы «Даму» қоры заемшыларына әсер етпейді.

  • 24 Тамыз 2015
  • 397
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Аталған қор басқармасы төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров мәлім етті.

Оның атап өтуінше, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру тек қана теңгемен жүзеге асырылады. Сондықтан теңге бағамының түзетілуі «Даму» қоры заемшыларына кері әсер етпейді.

Дегенмен, ол шетелдік валютамен берілген несиелерді субсидиялауға рұқсат етілетіндігін атап өтті. Оның алға тартқан деректеріне қарағанда, қазіргі уақытта «Даму» қоры бағдарламасы бойынша жалпы сомасы  53 млрд. теңгені құрайтын  27 компания үшін шетел валютасындағы несиелерін субсидиялау жүзеге асырылуда. Оның ішінде валюталық түсімі бар 11 кәсіпорын «Бизнестің жол картасы 2020»  қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының «Валюталық тәуекелдерді төмендету» атты үшінші бағыты бойынша қайта қаржыландырылды.

«Бұл компаниялардың валюталық тәуекелдері сақтандырылды», — деді Д.Әбілқайыров.


Соңғы жаңалықтар