Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы 146,03/$1 болды
Қазақстан қор биржасында (KASE) дүйсенбі күнгі өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы 146,03/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы 11 тиынға өсті. KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін 145,99 – 146,05 аралығында тұрақтады. Сауда-саттық көлемі $ 201,85 млн болып, 202 мәміле жасалды. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін