Теңгенің KASE саудасындағы орташа бағамы 146,13/$1 болды
Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі өткен саудада теңгенің АҚШ долларына шаққандағы (USD_TOD) орташа бағамы 146,13/$1 болды. Алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда доллар бағасы 1 тиынға түсті. KASE мәліметіне сәйкес, сауда сессиясы барысында теңгенің бағамы $1 үшін 146,1 – 146,22 аралығында тұрақтады. Сауда-саттық көлемі $ 117,25 млн болып, 271 мәміле жасалды. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін