Теңгенің нығаюы Қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық түсімдерінің біршама азаюына апарып соқты - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теңгенің нығаюы Қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық түсімдерінің біршама азаюына апарып соқты

Теңгенің нығаюы Қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық түсімдерінің біршама азаюына апарып соқты

Теңгенің нығаюы Қазақстандық кәсіпорындардың экспорттық түсімдерінің біршама азаюына апарып соқты. Бұл туралы бүгін, 15-ақпанда 2006-2008-жылдарға арналған орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын жобалау мәселесіне арналған республикалық кеңесте ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрінің орынбасары Қайрат Әйтекенов хабарлады.

  • 15 Ақпан 2005
  • 426
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, «2004-жыл қорытындысына сәйкес әлемдік мұнай бағасының қымбаттауына байланысты отандық экспорттаушылардың қосымша пайдасының көлемі 5,4 млрд. долларды құрады, соның 2 млрд. доллары теңге бағамының нығаюы салдарынан айырбас кезінде желге ұшты». Жалпы алғанда, экономика министрлігінің бағалауынша, Қазақстанның негізгі экспорттық тауарларының әлемдік бағасы 2004-жылы 34,7 процентке қымбаттады. «Елімізден экспортталатын негізгі тауар түрлеріне дүниежүзінде қолайлы конъюнктураның қалыптасуы экспорт ауқымының артуына әсер еткен басты себепке айналды»,- деді вице-министр.

Қ.Әйтекеновтың бағалауынша, «2004-жылы Қазақстан экспортының ақшалай көлемі рекордты көрсеткішке жетіп, 20,3 млрд. долларды құрады. Бұл былтырғыдан 53,7 процентке артық». «Бұл орайда экспорт көлемінің нақты өсімі 12,6 процентке бағаланды»,- деді кеңесте ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрінің орынбасары.
«Сонымен бірге ішкі сұраныстың үлкен қарқынмен өсуі мен теңге бағамының нығаюы импорт көлемінің анағұрлым артуына алып келді»,- деді Қ.Әйтекенов. Оның мәліметіне сүйенсек, «импорт көлемі 2004-жылы 13,3 млрд. долларды құрап, өткен жылғымен салыстырғанда 47,6 процентке қымбаттады».

Перейти к новостям спорта