Теңгенің құнсыздануы отандық кәсіпорындар үшін тиімді болып тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теңгенің құнсыздануы отандық кәсіпорындар үшін тиімді болып тұр

Теңгенің құнсыздануы отандық кәсіпорындар үшін тиімді болып тұр

Теңгенің құнсыздануы еліміздің шағын кәсіпорындары үшін тиімді болғалы тұр. Бір жылдан бері Ресейдің арзан өніміне төтеп бере алмай отырған ет және сүт өңдейтін зауыттар осы уақытқа дейін өндірісті  қысқартумен болып еді. Кейбірі мүлдем жабылып тынған болатын. Өйткені дүкен сөрелері арзан Ресей тауарына толып кетті. Енді валюта нарығында қалыптасқан жағдай  «өндірісті жандандырып , жұмыс күшін қысқартпауға жол береді» дейді іскер жандар.

  • 28 Тамыз 2015
  • 265
Фото - Caravan.kz

Мына кадрларды былтыр қыста шекарада тәуліктеп тұрғанда   түсірген еді. Ресей рублі құнсызданғанда арзан тауар іздеген шекаралас облыстың тұрғындары көрші елге лап қойды. Кейін соның бәрі қала дүкендерінде де пайда болып, отандық өнімге сұраныс күрт азайды. Мына  цехтан шығатын шұжық он шақты жылда Қызылжар нарығының жартысын жаулап үлгерген болатын. Ресейден ағылған арзан тауар  кәсіпорынды тіпті қосымша табыстан да қағып тастапты.

Ирина Мельничук, шұжық цехы бастығының орынбасары :

— Рубль құнсызданға дейін біз көрші елге ет те тасушы едік. Бұл да қосымша тәп- тәуір табыс болатын. Енді оны  экспорттау   тиімсіз  болып қалды. Біз шаруаларларға еттің бағасын  300-400 теңгеге  түсірте алмаймыз ғой.  Онда ауыл шаруашылығы мүлде құлдырап қалушы еді.   

Бұл шұжық цехы етті өңірдің шаруа қожалықтары мен жеке меншіктен сатып алады. Былтырдан бері өндіріс көлемі қысқарғанда, ет қабылдау да азайған еді.

Людмила Кенибас, қойма меңгерушісі:

— Ауылда тек малмен жан бағып отырғандарға обал ғой. Былтыр күзден бері олардан ет қабылдауды екі есеге азайттық. Енді Ресей рублінің өсуіне байланысты өндіріс көлемін ұлғайтсақ, етті де көбірек қабылдайтын боламыз. Бұл шаруаларға тиімді 

Қостанайдың сүт өңдейтін кәсіпорындары да былтырдан бері жабылудың аз алдында тұрған  еді. Ресейден ағылған арзан сүт пен айранға отандық өнім төтеп бере алмады.  Енді ресей рублінің өсуіне тобылдың кәсіпкерлері риза.


Дамир Досаев, Сүт зауытының жұмысшысы:

— Жұмыс орындары қысқармайтын болды деп жатыр басшылар. Енді өндіріс көлемі ұлғайса, жалақымыз да өсетін шығар деп үміттенеміз. Ең бастысы жұмыс бар. 

Валюта нарығындағы жағдай-  таяқтың екі ұшындай. Қарапайым халық үшін  доллардың өскені , тауардың  қымбаттағаны қиын- ақ. Бірақ отандық кәсіпорындар ертең  бәсекеге төтеп бере алмай,  бірінен кейін бірі жабылса,  елді жұмыссыздық  жайлайтыны анық. Бұл экономикаға ғана емес,  әлеуметке де кері әсерін тигізер еді.    

Соңғы жаңалықтар