Теңізде 14 жұмысшы іш ауруымен ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теңізде 14 жұмысшы іш ауруымен ауруханаға жатқызылды

Теңізде 14 жұмысшы іш ауруымен ауруханаға жатқызылды

Атырау. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Атырау облысындағы Теңіз кенішінде 14 жұмысшы іш ауруымен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Атырау облысының Жылыой аудандық прокуратурасына сілтеме жасап.

  • 12 Тамыз 2008
  • 404
Фото - Caravan.kz

Жылыой аудандық прокурорының аға көмекшісі Ғалымжан Дабысовтың айтуынша, «Теңіздегі вахталық ауылдан Теңіз кәсіпорнының 14 қызметкерінің іштері қатты ауырып, құсып, ыстығы көтерілгені жайлы шұғыл ақпарат келіп түскен. Улану жөніндегі күдікпен адамдар бірден орталық аудандық ауруханаға жеткізілді».

Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, оларға алдын-ала «өткір гастроэнтерит» деген диагноз қойылды, ол — жұқпалы дерт.

Қазір ауруханада 7 адам жатыр. Ғ. Дабысовтың айтуынша, «оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін сараптама тағайындалды».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар