Теңіздегі Құрманғазы мұнай кеніші игеріле бастаған жағдайда "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ Қазақстан тарихында тұңғыш рет теңіздегі мұнай жобасының операторы міндетін атқармақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теңіздегі Құрманғазы мұнай кеніші игеріле бастаған жағдайда "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ  Қазақстан тарихында тұңғыш рет теңіздегі мұнай жобасының операторы міндетін атқармақшы

Теңіздегі Құрманғазы мұнай кеніші игеріле бастаған жағдайда "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ Қазақстан тарихында тұңғыш рет теңіздегі мұнай жобасының операторы міндетін атқармақшы

Теңіздегі Құрманғазы мұнай кеніші игеріле бастаған жағдайда "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ Қазақстан тарихында тұңғыш рет теңіздегі мұнай жобасының операторы міндетін атқармақшы. Бұл туралы Құрманғазы жобасы бойынша Ақтауда өткен қоғамдық тыңдауда "ҚазақМұнайТеңіз " теңіз мұнай компаниясы ЖАҚ-ның бас директоры Бақтықожа Ізмұхамбетов хабарлады.

  • 22 Шiлде 2003
  • 639
Фото - Caravan.kz

«Құрманғазы» жобасының әрбір қомақты сатысына дайындық жұмыстары барысында осындай қоғамдық тыңдау шаралары ұйымдастырылып отырады. Соның нәтижесінде техникалық жобалар сынақтан өткізіліп, жобаны жүзеге асыру барысындағы қоғамдық пікірге назар аударылады, сондай-ақ, жергілікті әкімшілік, өндірістік және ғылыми мекемелердің ұсыныстары мен нұсқаулары ескерілетін болады.

Құрманғазы жобасын жүзеге асырудағы басты мақсаттар мен міндеттерге тоқталар болсақ : Қазақстанда теңіздегі мұнайгаз саласының негізін қалап дамыту; мұнай және газ өндіру көлемін ұлғайтып, саланың ресурстық базасын нығайту; мұнай операцияларынан түсетін пайда, салықтар, роялти және бонустар есебінен әртүрлі деңгейдегі бюджеттерге түсетін қаржылық түсімдерді ұлғайту ; жергілікті материалдар, тауарлар мен қызмет түрлерін кеңінен қолдану; еліміз азаматтарына арнап қосымша жұмыс орындарын құру; әлеуметтік инфрақұрылым мен әлеуметтік бағыттағы жобаларды дамыту.
Құрманғазы құрылымы Солтүстік Каспий акваториясының оңтүстік бөлігінде , Баутино айлағынан солтүстік-батысқа қарай 80 шақырымда , Бұзаушы үстіртінің теңіздегі жалғасында орналасқан. Одан оңтүстікке қарай 35 шақырымда Итбалық аралдары архипелагы орналасқан.
Мұнайгаз құрылымының болашақ қорын бағалау үшін 2003-жылы жобалық тереңдігі 2000 және 1300 метрлік екі барлау ұңғысын бұрғылау межеленген. Бұрғылау жұмыстарын «Астар» және «Исполин» атты бұрғылау қондырғыларының көмегімен «Лукойл-Шельф ЛТД» және «Қиыршығыс теңіз компаниясы» кәсіпорындары атқарады.
Бұрғылау кезеңі ҚР үкіметінің қаулысы бойынша бекітілген «Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі Мемлекеттік қорық аймағындағы арнаулы экологиялық талаптарға» сәйкес айқындалып, №1 ұңғыма үшін 78, №2 ұңғыма үшін 65 тәулік болып бекітілді.

Соңғы жаңалықтар