Бағдарлама жобасын ҚР үкіметі әзірлеген. Онда теңізге шыға алмайтын дамушы елдердің бірегей сұранысын қамтамасыз ету мүддесінен туындаған нақты шаралар мен нұсқаулар тізімі келтірілген. Шаралар мен нұсқаулар транзиттік тасымал, көлік инфрақұрылымын дамыту және сауда-саттықты дамытуға ықпал жасау саласындағы саясаттарды қамтиды.
Тағы бір белгілі болғаны, конференция аясында әртүрлі халықаралық институттардың мұрындық болуымен «Өзара сауда-саттықты жеңілдету шаралары», «Инвестиция жөніндегі форум», «Сауда-саттыққа аймақтық көзқарас» деген үш тақырыпта дербес отырыстар өткізілмекші. Кеңестерді өткізудегі мақсат- БҰҰ-ның әртүрлі институттарымен, сондай-ақ, Дүниежүзілік банк, Халықаралық Валюта қоры тәрізді халықаралық ұйымдардың БҰҰ-мен ынтымақтаса өткізген, және БҰҰ-ның жанындағы Еуропалық экономикалық комиссия тарапынан өткізілген экономикалық даму бағдарламалары туралы дамушы елдердің басшыларын хабардар ету , сонымен бірге, ұсынылған шаралар бойынша дамушы мемлекеттердің ортақ пікір-көзқарас немесе позициясын айқындау болып табылады.
Бас қосу барысына бас хатшының орынбасары, БҰҰ-ның теңізге шыға алмайтын даму деңгейі ең төмен елдер және дамушы аралдық мемлекеттер жөніндегі арнаулы өкілі Анварул Чоудхури төрағалық етеді.