"Теңізшевройл" Бірлескен кәсіпорны күкірт түйіршіктерін Африкаға экспорттай бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Теңізшевройл" Бірлескен кәсіпорны  күкірт түйіршіктерін Африкаға экспорттай бастады

"Теңізшевройл" Бірлескен кәсіпорны күкірт түйіршіктерін Африкаға экспорттай бастады

"Теңізшевройл" Бірлескен кәсіпорны күкірт түйіршіктерін Африкаға экспортқа шығаруды тұрақты жолға қойды ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне ТШО баспасөз қызметінен.

  • 16 Маусым 2003
  • 654
Фото - Caravan.kz

Осыған байланысты баспасөз баянында атап көрсетілгеніндей, Теңіз кенішінде өндірілетін тауарлық күкіртті қоршаған ортаны қорғау талаптарын ескере отырып сату мәселесін шешуде тағы бір қадам жасалды.

Теңіз кенішінде «Энерсул» компаниясы жобалап салған өнеркәсіптік қондырғыда түйіршіктелген күкірттің алғашқы партиясы 15-маусымда темір жолмен жөнелтілді. 60 вагонға тиелген түйіршік күкірт Украинаның Ильичевск теңіз айлағына жеткізіліп, одан әрі солтүстік Африка рыноктарына шығару үшін жол тарпақ.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ТШО Бірлескен кәсіпорны «Шеврон Тексако» (50%), Эксон Мобил (25%), «Қазмұнайгаз» (20%) және «ЛукАрко» (5 %) компанияларының бірігуі нәтижесінде құрылған.

Соңғы жаңалықтар