Теңізшевройл ЖШС Шикі Газ Айдау және Теңіздегі Екінші буын Жобалары аясында қазақстандық қызметкерлер санын 95 процентке дейін арттырмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теңізшевройл ЖШС Шикі Газ Айдау және Теңіздегі Екінші буын Жобалары аясында қазақстандық қызметкерлер санын 95 процентке дейін арттырмақшы

Теңізшевройл ЖШС Шикі Газ Айдау және Теңіздегі Екінші буын Жобалары аясында қазақстандық қызметкерлер санын 95 процентке дейін арттырмақшы

Теңізшевройл ЖШС Шикі Газ Айдау (ШГА) және Теңіздегі Екінші буын Жобалары (ЕБЖ) аясында қазақстандық қызметкерлер санын 95 процентке дейін арттырмақшы. Бұл туралы "Теңізшевройл" ЖШС-нен хабарлады.

  • 16 Қаңтар 2004
  • 766
Фото - Caravan.kz

Қазіргі жағдаймен ЖШС Шикі Газ Айдау (ШГА) және Теңіздегі Екінші буын Жобалары (ЕБЖ) аясында қазақстандық 2300 қызметкер жұмыс істейді. Бұл жалпы ТШО қызметкерлерінің 85 процентіне тең.

ТШО компаниясы бойынша тұтастай алғанда қазақстандық жұмыс күшін пайдаланудың проценттік деңгейі 75 процентті құрайды. Шикі Газ Айдау және Теңіздегі Екінші буын Жобаларының құрылыс жұмыстарын жобалау, сатып алу және басқару жөніндегі «Теңізшевройл» компаниясы атынан әрекет етуші бас мердігер болып табылатын «Парсонс Флуор Даниэл» (ПФД) компаниясында бұл деңгей 80 проценттен асады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Шикі Газ Айдау жобасындағы нысандарды салу жұмысы 2005-жылдың екінші тоқсанында аяқталады деп межеленген. Жалпы алғанда Шикі Газ Айдау және Теңіздегі Екінші буын Жобасының барлық нысандары 2006-жылдың 3-тоқсанында пайдалануға беріледі.
Қазіргі таңда ТШО акционерлерінің қатарында ChevronTexaco Overseas (50%) , ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc (25%), «ҚазМұнайГаз ҰК» ЖАҚ (20%), LUKArco (5%) бірлескен кәсіпорны бар.

Соңғы жаңалықтар