Жарияланды: 320

«Теңізшевройл» ЖШС-нің өндірісін тоқтатқан электр энергиясының сөну себебі белгілі болды

Бейсенбі күні Атырау облысындағы Теңіз кен орнында «Теңізшевройл» ЖШС-нің өндірісін тоқтатқан электр энергиясының сөну себептері аталды.

«Теңізшевройл» ЖШС-нің қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесші Ерлан Қасым мәлім еткендей, компанияның Атырау облысы Жылыой ауданындағы өндірістік нысандарында электр энергиясының берілуі жартылай тоқтады. Себеп - электр энергиясын өндіретін турбиналардың бірінің жұмысындағы ақаулар, сондай-ақ KEGOC жүйесіндегі ақау. Қауіпсіздік шараларына сәйкес екінші буындағы зауыт тоқтатылды. Е. Қасымның сөзіне қарағанда, турбина қайта іске қосылды, электр энергиясының берілуі жанданды. Алайда Теңізде өндірістік режим қалпына келтірілген жоқ. Мұнай өндірісі қашан басталатындығы және оны компанияда дайындау мерзімі әзірге хабарланбай отыр. Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылдың 11 айында Атырау облысында 26,4 млн. тонна мұнай мен 11,6 млрд. текше метр газ өндірілді. 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 95,1 және 39 пайыз. Жалпы облыс бойынша және «Теңізшевройл» ЖШС бойынша 2012 жылдың қорытынды мәліметтері әзірге жарияланған жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін