“Теңізшевройл“ екі кен орнында мұнай өндіруді тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 512.16
  • 594.72
-12 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Теңізшевройл“ екі кен орнында мұнай өндіруді тоқтатты

“Теңізшевройл“ екі кен орнында мұнай өндіруді тоқтатты

Атырау облысындағы "Теңіз" және "Королевское" ірі кен орындарында мұнай өндіру уақытша тоқтатылды

  • 19 Қаңтар
  • 2
Фото:gov.kz

Бұл ақпаратты «Теңізшевройл» (ТШО) компаниясы растады, деп жазды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

ТШО мәліметінше, мұндай шешім өндірістік нысандардағы электр энергиясын тарату жүйелерінің кейбіріне әсер еткен жағдайға байланысты қабылданған.

«Зардап шеккендер жоқ, ал қызметкерлердің қауіпсіздігі компания үшін ең жоғары басымдық болып қала береді. ТШО-ның техникалық қызметтері жағдайдың түпкі себебін анықтау бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатыр, олардың басты мақсаты туындаған мәселені қауіпсіз түрде жою», – деп мәлімдеді компания өкілдері.

Сондай-ақ, ТШО өкілдері бұл жағдайдың ықтимал салдарын барынша азайту мақсатында мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимыл жүргізіп жатқанын атап өтті.

«Теңіз кен орны және барлық өндірістік нысан қауіпсіз жағдайда, сенімді қорғалған», – деп қосты компанияда.