Теннис: Қазақстандық Зарина Дияс Осакада өтетін турнирде бақ сынайды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теннис: Қазақстандық Зарина Дияс Осакада өтетін турнирде бақ сынайды

Теннис: Қазақстандық Зарина Дияс Осакада өтетін турнирде бақ сынайды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс 6-12 қазан аралығында Жапонияның Осака қаласында өтетін халықаралық турнирде бақ сынайды.

  • 6 Қазан 2014
  • 349
Фото - Caravan.kz


Сhampionat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, хардта, ашық кортта болатын бұл жарыстың жүлде қоры — 250 мың АҚШ доллары. Аталмыш турнирде Заринаның табысты өнер көрсетуіне мүмкіндігі толық. Өйткені осы жарыстың бірінші ракеткасы, атақты австралиялық Саманта Стосурмен Заринаның жолы тек финалда ғана тоқайласуы мүмкін. Одан кейін американдықтар Мэдисон Кис, Коко Вандевеге, украиналық Элина Свитолина сияқты теннисшілермен қазақ қызы толық тайталаса алады. Бұл турнирге тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева да қатысады.

BOULEVARD журналына берген сұхбатында әлемнің Мария Шарапова немесе Виктория Азаренко сынды маңдайалды теннисшілерімен шеберлік байқасуға дайын екендігін мәлімдеген Зарина жыл соңына дейін үздік отыз теннисшінің қатарына енуді мақсат етіп отыр. 

Мамандардың топшылауынша, жуырда Бейжіңде өткен ірі халықаралық турнирдің екінші айналымына шыққан З.Дияс осы дүйсенбіде әлемдік рейтингте 39-шы орыннан 37-інші сатыға көтерілмек. Ал Осакада жолы болса, бұдан да жоғарылайтыны анық.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера