14 сәуірдегі жағдай бойынша, Кукушкин 56-шы, Голубев 59-орында. Сонымен бірге, бірінші жүздікте қазақстандық Александр Недовесов екі сатыға көтерілді — енді ол 75-орында. Бесінші жүздікте қазақстандық Евгений Королев үш сатыға — 448-орынға дейін көтерілді. Қазақстандық Денис Евсеев бұл рейтингте 608-орында. Жекелей сында рейтингті испандық Рафаэль Надаль бастап тұр, екінші — серб Новак Джокович, ал үшінші орында швейцариялық Станислав Вавринка тұр.
Сондай-ақ, қазақстандық теннисшілер Ярослава Шведова мен Галина Воскобоева өткен аптада Әйелдер теннис қауымдастығының жекелей сындағы жаңартылған рейтингісінде бірінші жүздікте екі сатыдан жоғалтты.
14 сәуірдегі жағдай бойынша, Шведова — 55-ші, Воскобоева — 65-орында. Рейтингтің бірінші жүздігіне, сонымен бірге, Зарина Дияс кірді, ол 93-орнында. Рейтингтің екінші жүздігінде Юлия Путинцева 157-ші орыннан 159-шы орынға төмендеді. Сесиль Каратанчева 175-ші орыннан 179-шы орынға түсті.