Сөйтіп рейтингте 167-інші орында тұрған жиырма жасар Зарина өзінен әлдеқайда тәжірибелі, әлемнің 52-інші ракеткасы болып саналатын М.Эраковичті жеңіп, қазақ қыздары арасынан тұңғыш рет Австралия біріншілігінің үшінші айналымына шықты. Енді З.Дияс американдық Варвара Лепченко немесе Румыния елінің жас жарық жұлдызы Симона Халептің біреуімен кортқа шығады.
Аталмыш чемпионатта Қазақстанның тағы бір үміті Галина Воскобоева осы сәтте испаниялық Карла Суарес-Наварромен күш сынасуда. Есеп тең — 6:7 және 6:3, қазір үшінші, шешуші партия ойналуда.