Теннис: Зарина Дияс - «Жыл жаңалығынан» үміткерлердің бірі - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теннис: Зарина Дияс - «Жыл жаңалығынан» үміткерлердің бірі

Теннис: Зарина Дияс - «Жыл жаңалығынан» үміткерлердің бірі

WTA ресми сайты «Жыл жаңалығы» атағына үміткерлердің есімін жария етті. 

  • 12 Қараша 2014
  • 370
Фото - Caravan.kz

Олардың қатарында швейцариялық Белинда Бенчич, американдық Шелби Роджерс, жапониялық Куруми Нара және қазақстандық Зарина Дияс бар. Осы төртеуіне жанкүйерлер дауыс беретін болады. Дауыс беру қорытындысы 17 қараша күні жарияланбақ.

2013 жылы канадалық Эжени Бушар «Жыл жаңалығы» болып танылған еді. 2005 жылдан бері табыс етіліп келе жатқан бұл марапатты әр жылдары сондай-ақ, кейін әлемнің үздік ракеткалары қатарына көтерілген Агнешка Радваньска, Каролин Возняцки, Петра Квитова иеленген болатын.

2014 жыл жиырма бір жастағы қазақ қызы, Алматы қаласының түлегі Зарина Дияс үшін аса табысты болғаны мәлім. Әсіресе, ол әлем біріншіліктерімен тең деуге болатын Уимблдон турнирінде, Австралия мен АҚШ-тың ашық чемпионатында біршама сәтті өнер көрсетті.

Сондай-ақ, Осака жарысы сынды WTA турнирінде тұңғыш рет финалға дейін жетті. 



Осындай жетістіктердің нәтижесінде Қазақстанның бірінші ракеткасы атанған З.Дияс әлемнің үздік 34 теннисшісінің қатарына енді. Ол осы аптада дүниежүзілік рейтингте тағы бір сатыға, 33-орынға көтерілді. Қазіргі таңда Зарина алдағы жылы бұдан да биік табыстарға қол жеткізу үшін дайындалуда. 

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера