Теннистен Қазақстанның қыздар құрамасы Оңтүстік Корея командасын 2:1 есебімен жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.99
  • 580.25
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теннистен Қазақстанның  қыздар құрамасы   Оңтүстік Корея командасын 2:1 есебімен жеңді

Теннистен Қазақстанның қыздар құрамасы Оңтүстік Корея командасын 2:1 есебімен жеңді

Таиландта өтіп жатқан Федерациялар кубогында Қазақстанның теннисші қыздары «В» тобында Оңтүстік Корея командасын 2:1 есебімен жеңді,

  • 5 Ақпан 2011
  • 485
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады ұлттық Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Бірінші кездесуде қазақстандық Зарина Диас 6:2, 6:1 есебімен оңтүстіккорейлік Уе-Ра Лиді жеңсе, Қазақстанның атынан өнер көрсетіп жүрген Сесиль Каратанчева екінші матчта Со Жанг Кимнен 7:5, 6:4 есебімен басым түсті.

Үшінші шешуші ойында қазақстандық қыздар Галина Воскобоева мен Зарина Диас На-Ри Ким/Со-Жанг Ким жұбын 6:4,6:0 есебімен жеңді.


Сенбі, 5 ақпанда Қазақстанның қыздар құрамасы Таиланд командасымен кездеседі.