Сондай-ақ, жылу электр орталығының құбыр жүйесінде ақау болу мүмкіндігі де екінші жорамал ретінде қарастырылуда. Сонымен бірге, жылу электр орталығының басшылығы жағдайды бұл өңірде ауа температурасының шұғыл төмендеуі тіптен ушықтырып жіберді деп пайымдайды. Қаңтардың 23-інен 24-іне қараған түні мұнда сынап бағанасы Цельсий өлшемі бойынша 30 градус аязға дейін төмендеді.
Қазір жылу электр орталығында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Алайда жылу электр орталығының басшылығы орталықтың жұмысы дәл қашан қалпына келтірілетінін тап басып айта алмайды. В.Вебердің айтуынша, қаланы жылумен қамтамасыз ету жүйесі жаппай істен шығу қаупінің алдын алу мүмкіндігінен үміт бар.
В.Вебер осы орайда Тентек жылу электр орталығында дәл осындай тауқымет 2004-жылдың 29-желтоқсанында да қалыптасқанын, бірақ ол жолы төтенше жағдайды тез арада жоюға қол жеткенін еске салды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Тентек жылу электр орталығындағы апат салдарынан Қарағанды облысы Шахтинск қаласында төтенше жағдай жарияланды. Апат салдарынан көп пәтерлі 208 үй жылудан құралақан қалды. Бұл үйлерде жалпы 40 мың жан түтін түтететін Шахтинск қаласы тұрғындарының 60 проценті тұрады.