Теракт жасауға ізбасарларын дайындаған жалған уағызшы Қазақстанға қайтарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теракт жасауға ізбасарларын дайындаған жалған уағызшы Қазақстанға қайтарылды

Теракт жасауға ізбасарларын дайындаған жалған уағызшы Қазақстанға қайтарылды

2000 жылдары еліміздің батыс облыстарында діндарлар арасында «тәкфір» идеясын таратқан жалған уағызшы А.Абдужаббаров Қазақст

  • 21 Ақпан 2017
  • 691
Фото - Caravan.kz

2000 жылдары еліміздің батыс облыстарында діндарлар арасында «тәкфір» идеясын таратқан жалған уағызшы А.Абдужаббаров Қазақстанға қайтарылды, деп хабарлайды Baq.kz.

18 ақпанда ҰҚК бағдарлауы бойынша Қазақстан азаматы А.Абдужаббаров Сауд Арабиясынан елге қайтарылды.

Ол 2015 жылдан бастап, Қылмыстық кодекстің 174 (діни алауыздықты қоздыру) және 256 (терроризмді насихаттау) баптарында көзделген қылмыстарды жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде болған. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аясында оған қатысты қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы таңдалған.

Тергеу ақпараты бойынша Абдужаббаров 2000 жылдары Қазақстанның батыс облыстарының діндарлары арасында «тәкфір» идеясын таратқан.

Жалған уағызшының әрекеті Ақтөбе, Атырау және Орал қалаларында жасырын радикалды ұйымдардың пайда болуына ықпал еткен. Оның кейбір ізбасарлары елімізде террористік акцияларды жасауға қатысқан. Өзгелері содырлардың топтарына қосылу үшін Ауғанстан мен Сирияға шығып кеткен.

Абдужаббаров 2006 жылдан бері Сауд Арабиясында болып, Қазақстандағы мұсылмандар мен шетелде оқып жатқан студенттерге ықпал етуін жалғастырған.


Алайда, 2015 жылдың желтоқсанында экстремистермен байланысы бар күдікті ретінде Медина қаласында полицияның қолына түскен. 2016 жылдың қазанында Түркияға шығарылып, ол жақта саяси баспана беруден бас тартып, Сауд Арабиясына қайтарылған.

«Тәкфірді» ұстанушылар, алдымен мұсылмандарды күпірлікпен айыптайтыны белгілі. Олар «сенімсіздерге» қатысты кез-келген әрекет, тіпті өлтіруге де рұқсат етеді. Осыған орай аталған идеология ислам әлемінде басты қатердің бірі ретінде қарастырылады.