Теректі ауданының «Жұлдыз» би тобы республикалық байқауда бірнші жүлдені жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теректі ауданының «Жұлдыз» би тобы республикалық байқауда бірнші жүлдені жеңіп алды

Теректі ауданының «Жұлдыз» би тобы республикалық байқауда бірнші жүлдені жеңіп алды

БҚО-дағы Теректі ауданының «Жұлдыз» би тобы биіктерден көрініп келеді.

  • 5 Наурыз 2011
  • 743
Фото - Caravan.kz

Олар таяуда Алматы қаласындағы республикалық балалар сарайында өткен бірінші республикалық «Асыл мұра» балалардың шығармашылық ән-би байқауынан жүлделі оралды.

Асыл мұрамыз — ән мен күйді дәріптеп, халқымыздың ұлттық билерін насихаттауды, жаңғыртуды көздейтін бұл сайысқа еліміздің барлық өңірінен 6-17 жас аралығындағы өнерлі жасөспірімдер қатысқан. Би тобының жетекшісі Жанар Тойшыбаеваның айтуынша, өнер сайысында теректілік бишілер «Ерке сылқым» және «Шабыт» билерін орындап, хореография жанры бойынша бірінші орынды иеленген. Көкөрім бишілер бұған дейін де Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен «Fomced-2007» фестивалінің дипломанты, «Ғұмырдария»-2010» халықаралық ән-би байқауының «Алтын алма» иегері, облыстық би байқауының жүлдегері атанып үлгерген болатын.

Перейти к новостям спорта