Оқиғаның қалай болғаны туралы тың дерек тарады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Қоғам белсендісі Сәбит Рысбаев ауыл тұрғындарымен сөйлесіп, оқиғаның қалай болғанын мәлімдеді.
«Бұрыңғының адамдарының пейілдері кең ба еді деп қаламын. Үйлердің арасында шарбақ та болмайтын. Қазір соншама қымтап қоямыз. Түркістан облысында болған өртке қайғырып отырмыз. Жетісай жақпен сөйлескенмін.
Балалар терезеге жабысып қалыпты. Бірінші этаж жарайды. Екінші этаждағы терезелерге соншама темір қоятындай не көрініпті? Адам алда не болатынын ойламайды ғой. Десе де қауіпсіздік ережелерін де сақтаған жөн секілді», — деп жазды ол.