Тергеу қапасында зорланған келіншек адвокаттан шұғыл көмек сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тергеу қапасында зорланған келіншек адвокаттан шұғыл көмек сұрады

Тергеу қапасында зорланған келіншек адвокаттан шұғыл көмек сұрады

Тергеу қапасында зорланғанына қатысты соты болып жатқан жазасын өтеуші Наталья Слекишина адвокат Айман Омароваға шұғыл хат жолдаған. Бұл

  • 18 Қыркүйек 2016
  • 1281
Фото - Caravan.kz

Тергеу қапасында зорланғанына қатысты соты болып жатқан жазасын өтеуші Наталья Слекишина адвокат Айман Омароваға шұғыл хат жолдаған. Бұл туралы адвокат Фейсбуктегі жеке парақшасына жазды, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

"SOS! Слекишина Наталья көмек сұрайды!" деп жазыпты А.Омарова. Ал жазасын өтеуші келіншек өз хатында былай деген: "Мені тастап кетпеңізші. Мені сізден бас тартуға мәжбүрледі. Өтінемін, келіңізші. Маған қатты қауіп төніп тұр. Олар айтқан куәліктерімді өзгертуге мәжбүр етті".

Айта кетейік, 32 жастағы жазасын өтеуші Наталья Слекишина Алматыдағы тергеу қапасында отырғанда осы мекеменің төрт қызметкері жабылып зорлады деп шағымданған болатын. Бірақ қазір сотта ауйыпталушы ретінде бір ғана адамнан жауап алынуда. Ол — майор Руслан Хакимов. Бұл адам Слекишинаның түрмеде туған қызының әкесі деп танылған. 

Ал жақында жазасын өтеуші келіншек аяқ астынан адвокаты Айман Омаровадан бас тартты. Адвокат сол кезде-ақ "Слекишинаны бұған мәжбүрледі" деген еді. Енді келіншектің оған жіберген хаты сол сөзді растап отыр.


Н.Слекишинаның адвокатқа жазған хатыН.Слекишинаның адвокатқа жазған хаты
Соңғы жаңалықтар