Тергеу: Темірәлиевтің, Хасеновтың және Новикованың өлімдерінен ұқсас қылмыстық әдіс байқалады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тергеу: Темірәлиевтің, Хасеновтың және Новикованың өлімдерінен ұқсас қылмыстық әдіс байқалады

Тергеу: Темірәлиевтің, Хасеновтың және Новикованың өлімдерінен ұқсас қылмыстық әдіс байқалады

Банкир Жолдас Темірәлиевтің, Айбар Хасеновтың және НТК телеарнасының тележүргізушісі Анастасия Новикованың өлімдерінен бірдей қылмыстық әдіс байқалып отыр, деп мәлім етті сәрсенбі күні Алматыда өткен баспасөз мәслихатында бас прокуратура мен ІІМ өкілдері.

  • 16 Маусым 2011
  • 388
Фото - Caravan.kz

«Жәбірленушілерді (банкирлерді — ҚазТАГ) резиденцияның қоймасынан алып шығар алдында Р. Әлиев Темірәлиевтің басындағы шашын тақырлап алған. Мәйіттер табылғанда олардың бірінің басында шашы болмаған», – дейді ҚР ІІМ тергеу комитеті басқармасының бастығы Гаши Машанло.

Өз кезегінде ҚР бас прокурорының аға көмекшісі Александр Байков А.Новикованың да шашы қырылғанын айтты.

«Оның (Р. Әлиевтің — ҚазТАГ) мұны неге жасағанын білмейміз… Мүмкін жағдай болса, Әлиевтің өзінен сұрап көреміз. Мүмкін, бұл оның әдетіне айналған шығар», – деді қадағалаушы органның өкілі.

Еске сала кетейік, 24 жастағы Анастасия НовиковаАлматыға Ташкенттен келіп, Р. Әлиевке тиесілі болған НТК телеарнасында тележүргізуші болып жұмыс істеп, оның көңілдесі болған. 2002 жылы Аустриядағы елші болып тағайындалған Р. Әлиев оны елшілікке өзінің туысы Данияр Естеннің жүргізушісі етіп жұмысқа алған. А. Новикова Аустрияға баруға негіз болуы үшін соңғысымен жалған некеге тұрған.

2003жылы А.Новикова күйеуімен бірге Ливан астанасы Бейрутқа көшіп, Әлиевтің ливандық туыстарының үйінде тұрған. Сол жылы тамызда Анастасия Луиза есімді қыз баланы дүниеге әкелді.

2004 жылдың 19 маусымында А.Новикованы өзі тұратын көп пәтерлі үйінің жоғарғы қабатынан лақтырып жіберген. Оның денесі құпия түрде Қазақстанға жеткізіліп, Оңтүстік Қазақстан облысының аумағына көмілді.

Баспасөз мәслихатында көрсетілген тергеу туралы фильмде диктор банкирлерді гестаполық әдістермен бірнеше сағат бойы қинағанын айтты. Сарапшылардың мәліметтеріне сәйкес, табылған мәйіттердің сүйектері көп жерден сынғанын анықталған. Адамдардың ауыру сезімін басу үшін, есіне келтіру үшін оларға лидокаин егілген, мамандар оны мәйіттердің шаштары мен сүйектерінен тапты.

Лидокаин — жергілікті анестезиялаушы дәрілік препарат. Әлеуетті тәуелді натрий арналарын жауып, сезімтал нервтердің ұштарында импульстардың туындауына және нерв талшықтарымен импульстардың өтуіне кедергі келтіреді. Ауырған сезімінің импульстарын ғана емес, басқа модальдағы импульстарды басып тастайды.

Жәбірленушілер 2007 жылдың 9 ақпанында сағат 21 мен 23-тің арасында тұншығудан (банкирлердің мойындарында жіп және электр сымы болған) өлген.

Соңғы жаңалықтар