Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым мәліметінше, 22 жастағы әйел ұзақ уақыт бойы күніне шамамен бес кесе матча шайын ішіп жүрген. Бір сәтте қыздың терісі сарғайып кеткен. Ол бірден дәрігерлерге жүгінген.
Дәрігерлердің айтуынша, матча шайын шамадан тыс қолдану бауырды қатты жүктейді және сарғаюды тудыратын токсиндердің жиналуына әсер етеді. Сонымен қатар, сусынның құрамында өте көп мөлшерде табиғи антиоксиданттар саналатын катехиндер бар, оларды орташа деңгейде тұтыну ғана пайдалы.
Сондай-ақ, матча шайында таниндер мен полифенолдар бар, олар темірдің сіңуін 60–90 пайызға дейін төмендетеді және анемияға әкелуі мүмкін.