"Теріс ағымның жетегіне кетпеу керек еді. Басқаларды адастырмау керек еді": Журналист Тілеухан мен Тазабектің жастарды адастырып жүргенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Теріс ағымның жетегіне кетпеу керек еді. Басқаларды адастырмау керек еді": Журналист Тілеухан мен Тазабектің жастарды адастырып жүргенін айтты

"Теріс ағымның жетегіне кетпеу керек еді. Басқаларды адастырмау керек еді": Журналист Тілеухан мен Тазабектің жастарды адастырып жүргенін айтты

Журналист Серік Абас-шах Бекболат Тілеухан мен Мұхаммеджан Тазабекті жастарға жағымпаздық пен теріс ағымды насихаттады деп кінәләды.

  • 13 Қараша 2023
  • 10584
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы өз ойын ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабаралайды Caravan.kz медиа порталы.

"Бір танысым “Бекболат Тілеухан пен Мұхамеджан Тазабекті неге сынай бересің, жақсы сөйлейтін кісілер ғой?” деп сұрап еді. Біріншіден, жақсы сөйлеу періштелікті білдірмесе керек-ті, екіншіден (қайталап айтамын), екеуінде кеткен (Бекең айтқандай) өшім жоқ. Олар ылғи сахнада, мінбеде, эфирде жүреді, мен (керісінше) сахнаға да, мінбеге де, эфирге де ұмтылмаппын (қызықпаппын), бұлармен қызметте бақталасатындай, сахнада бәсекелесіндей, мінбеге таласатындай себеп жоқ. Біреуін дарынды әнші, екіншісін дарынды ақын ретінде құрметтейтінмін (бұрын). Өкінішке қарай, құрметімді жоғалтып алдым (кейінірек).

Екеуі өнер жолында жүре беру керек еді. Дұрыс жолды таңдамады деп пәлсафалап жатқым келмейді. Ішкілікке өмірі мен өнерін құрбан қылған маскүнем болғанша, Алласы аузынан түспейтін намазхан болғаны дұрыс қой (екеуінің). Үйінде (немесе мешітте) бес емес, жиырма бес рет намаз оқыса да олардың өз еркі. Сақалын жерге тиіп кетердей ұзын қылып өсірсе де олардың өз еркі. Бірақ теріс ағымның жетегіне кетпеу керек еді. Басқаларды адастырмау керек еді. Екі президенттің портретін үйлерінің әр бөлмесіне іліп қойып табынып жатса да олардың өз еркі. Бірақ жағымпаздық жалауын “төртаяқпен” көтеретін пенделер мұндай қылығымен жастарға үлгі болмау керек еді.

Мұндағы басты қауіп не екенін білесіз бе? Жастар оларды үлгі тұтып, теріс ағымды дұрыс жол, жағымпаздықты қалыпты нәрсе деп қабылдай бастайды. Екіжүзділікке елдің еті үйренеді. Қоғам солай қалыптаса бастайды. Оның арты неге әкеп соғатынын елестете беріңіз.

Не деуге болады?!
Әтір құтысының қақпағын ашсаңыз да, әдейі таспен ұрып сындырсаңыз да одан әп-әдемі иіс шығады. Ал “бірдеңені” түртіп қалсаңыз, жағымсыз иіс мұрныңызды жарып жіберуі мүмкін", — деп жазды ол.