Т.Ермегияев Ресей Елшісімен Қазақстанда ТМД-ға қатысушы елдердің спорт жөніндегі комитетінің отырысын өткізу мәселесін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Т.Ермегияев Ресей Елшісімен Қазақстанда ТМД-ға қатысушы елдердің спорт жөніндегі комитетінің отырысын өткізу мәселесін талқылады

Т.Ермегияев Ресей Елшісімен Қазақстанда ТМД-ға қатысушы елдердің спорт жөніндегі комитетінің отырысын өткізу мәселесін талқылады

Бүгін ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев РФ-ның Қазақстандағы Елшісі Михаил Бочарниковпен кездесті.

  • 4 Сәуiр 2012
  • 429
Фото - Caravan.kz

Аталған агенттік баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында спорт саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері қозғалды. Т.Ермегияевтің атап өтуінше, Қазақстан мен Ресей спорт саласында тығыз байланыс орнатып отыр. Сондықтан да Ресей бірлескен әрі халықаралық спорттық шараларда өткізудегі Қазақстанның басты халықаралық әріптесі саналады.

Екі елдің спортшылары жыл сайын әртүрлі спорттық шараларға қатысып, тұрақты түрде бірге оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Мәселен, өткен жылдың ішінде екі елдің спортшылары 50-ден астам жарыс пен оқу-жаттығу жиындарына қатысты.

«Сондай-ақ кездесу барысында 2013 жылы ТМД-ға қатысушы елдердің дене тәрбиесі және спорт жөніндегі комитетінің отырысын өткізуге дайындық мәселесі талқыланды», — делінген хабарламада.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера