Терроризм идеологиялық жарнама түрінде азаматтарымыздың санасын жаулауда - Б. Смағұл - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Терроризм идеологиялық жарнама түрінде азаматтарымыздың санасын жаулауда - Б. Смағұл

Терроризм идеологиялық жарнама түрінде азаматтарымыздың санасын жаулауда - Б. Смағұл

Терроризм идеологиялық жарнама түрінде азаматтарымыздың санасын жаулауда.

  • 14 Қараша 2012
  • 428
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында депутат Бақытбек Смағұл мәлім етті.

«Соңғы екі-үш жылда елімізде орын алған терроризммен қатысты бірқатар қылмыстар бұрын болмаған қайғылы оқиғалармен ұласқаны белгілі. Ол қылмыстық одақтар, ақшаға табынушылар — асыл дініміз исламның атын жамылып, исламға жат саналып, қатып қалған қатыгез қағидасымен қаруланған адастырушы ағымдардың жетегі. Өкініштісі бұл жетектегілердің басым көпшілігі — ел жастары. Демек терроризм қарудың ғана емес, идеологиялық жарнама түрінде азаматтарымыздың санасын жаулауда», — деді Б. Смағұл.

Оның айтуынша, заң жобасы мемлекеттің барлық органдарын терроризм қылмыстарына қарсы шараларды заң арқылы нақтылауды мақсат етеді. Мүдделі мемлекеттік органдардың құзыреті барынша айқындалады.

«Адамзаттың игілікті өмір сүруі үшін терроризмнің алдын алу және болдырмау бойынша Елбасының тікелей тапсырмасымен жұмыс жасайтын құзырлы органдар, орталық, жергілікті атқарушы биліктермен біріге отырып, тиісті аумақтарда жалпы қоғам болып заң алдындағы жауапкершілікті жүктеп, халықтың бейбіт өмірге деген сенімін ақтауы шарт», — деді ол.

Соңғы жаңалықтар