Терроризм мен экстремизмнің болашағы жоқ - Елбасы
![]() |
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік органдардың басшыларымен және арнайы мақсаттағы жасақ командирлерімен өткен кеңес барысында терроризм мен экстремизмнің болашағы жоқ екенін сенімді түрде айтты. |
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
«Соңғы уақытта әлемде және өңірде болып жатқан лаңкестіктер, Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстар террорға қарсы күресте мемлекеттің шараларын жетілдіруді қажет ететіндігін көрсетіп отыр. Мұның бәрі бейбітшілік пен келісім, татулық жағдайында өмір сүріп жатқан қазақстандықтарды алаңдатады. Біздің міндетіміз - құндылықтарымызды сақтап қалу», - деді Н. Назарбаев.
Қазақстан Президенті бүгінде дамыған елдер лаңкестікпен күрес мәселелерінде елеулі қиындықтарға кезігіп жатқанын атап өтті, «себебі күтпеген жерден орын алатын шабуыл әрекеттерін алдын ала болжау қиынға соғуда».
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін