Терроризммен күрес штабы астаналықтарға үндеу жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Терроризммен күрес штабы астаналықтарға үндеу жасады

Терроризммен күрес штабы астаналықтарға үндеу жасады

 

  • 10 Маусым 2021
  • 60
Фото - Caravan.kz

Бүгін Нұр-Сұлтанда ескі вокзал аумағында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.

"Ағымдағы жылғы 10 маусымда сағат 17.00-ден бастап 22.00-ге дейін Терроризмге қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штабы "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Северный" Жолаушылар тасымалы өңірлік филиалының техникалық жолаушылар паркінің аумағында (Гете көшесі 7) жоспарлы терроризмге қарсы оқу-жаттығуын өткізуді жоспарлап отыр", — делінген хабарламада.

Іс-шараның мақсаты — жедел штаб күштері мен құралдарының террористік көріністерге шұғыл әрекет ету, терроризм актісінің салдарын жою және азайту бойынша міндеттерді орындауына дайындығын тексеру.

"Оқу-жаттығуы әртүрлі күрделі элементтерді ескере отырып, барынша әскери жағдайға жақын өткізіледі. Техникалық жолаушылар паркінің маңайында шектеу шаралары қарастырылған. Осыған байланысты түрғындарды өткізілетін оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және шараға жұмылдырылған мемлекеттік органдардың қызметшілерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз", — деді штаб өкілдері.


Соңғы жаңалықтар