«Халықаралық стандартқа сай келетін сот жүйесін аяғынан тұрғызу жолында қаншылықты тиімді алға жылжитынымыз сот жүйесінің жұмысына тікелей байланысты»,- деді Н.Назарбаев. «Сот жүйесі тиімді болмайынша, мемлекет пен қоғамдық өмірдегі жаңартулардың нәтижесі әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына лайық болмай қалады».
«Тиімді жұмыс істейтін әділеттілік саласы халықтың белсенді бөлігіне ұлттық экономикаға қаржы жұмсауының дұрыстығына және олардың қауіпсіз жағдайда екеніне сенімділік сыйлайды»,- деді президент.
«Біз бүгінге дейін істегендеріміз қайтарымсыз екеніне, жеке меншік мемлекеттік меншікпен бірдей қорғалатынына және жекешелендіру процессінің бұлжымастығына бәрі сенетіндей, жете түсінетіндей дәлел келтіріп, ұғындыруымыз қажет»,- деді мемлекет басшысы.
Осыған байланысты Н.Назарбаевтың айтуынша, «әділеттілікке қол жеткізу және соттарға шағымдану мүмкіндігі сайып келгенде бюрократияның тоңын жібітетін бірден-бір оңды әсер тетігіне айналуға тиіс». «Соттардың тиімсіздігі әкімшілік реформалар мен әкімшілік озбырлыққа қарсы күрестің нәтижесін төмендетеді»,- дейді ол.
«Шағын және орта бизнес үшін ірі қаржылық-өнеркәсіптік топтармен әділетті бәсекелестік ережелерінің сақталуына қол жеткізетін бірден-бір орын — соттар болуға тиіс». «Соттардың тиімсіздігі шағын және орта бизнесті дамыту қарқынын күрт төмендетеді»,- деді Н.Назарбаев.
«Соттардың көмегімен заңдар әділетті әрі адал орындалмайынша, және оны заң мен тәжірибе жүзінде қамтамасыз етпейінше, біздің ісіміз ешқашан өнбейді». «Бүгінгі сьезде алға қойылған міндеттер заң мен әділеттілік үстемдік құратындай сот жүйесін құруға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен бірге елімізге ауқымды экономикалық серпін береді дегенге сенгім келеді»,- деді президент.
«Меншік пен меншік иесінің құқығы мен оны қорғау түрлі меншік таласына, лауазым иелерінің ықпал жүргізетін аймақтарды бөлісуіне тосқауыл қойып, елімізде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыруға, азаматтардың даму қажеттігіне және өзінің бизнесін кеңейту қажеттігіне деген сенімін нығайтады»,- деді мемлекет басшысы. «Мемлекеттің мүддесі осыған бағытталады». «Осындай сот жүйесі әлеуметтік ортаның негізі — орта тапқа жататын меншік иелерін көбейтуге құқықтық база қалыптастырып, реформалардың қайтарымсыздығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді»,-деді Н.Назарбаев.
«Нарықтық қатынастардың дамуы — дербес, тәуелсіз әрі әделетті сот жүйесін құрмайынша, саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру мүмкін емес деген ақиқатты тіптен дәлелдей түсуде»,- деді президент. «Тек сот жүйесі ғана отандық және басқа да потенциалдық инвесторларды сенімді құқықтық институттармен қамтамасыз ете алады»,- деді Н.Назарбаев.