Тікелей эфирде әріптестеріне көзін қысқан өзбек депутатының басы дауда қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тікелей эфирде әріптестеріне көзін қысқан өзбек депутатының басы дауда қалды

Тікелей эфирде әріптестеріне көзін қысқан өзбек депутатының басы дауда қалды

Өзбекстанның мемлекеттік телеарналарының бірінде тікелей эфирде көрсетілген ток-шоуға қатымқан депутаттың басы дауда қалды. Халық қалаулысы студия қонағының сұрағына жауап берерде өзге депутаттарға қарап көзін бір қысқан. Бұл жайт әлеуметтік желі пайдаланушыларының наразылығын тудырды деп жазады Азаттық.

  • 14 Тамыз 2017
  • 1216
Фото - Caravan.kz

Ток-шоуға "Адолат" және "Миллий тикланиш" партияларынан сайланған депутаттар қатысқан. Олар бағдарламаға келген өзге қонақтармен бірге Бұхарадағы Чашмаи-Аюб кесенесінің ұрланып, шетел асқан бөлшектері туралы сөз таластырды. Өзге сарапшылар депутаттардан неге бұл мәселені бақылауға алмайтынын, Парламенттің ондағы ролі туралы ашына сұраған болатын. Сонда мәжіліс депутаты Дилфуза Жалилова "бар, бар, ролі бар…" деп мысқылмен жауап бере тұра, өзге депутаттарға қарап көзін қысқан.

Халық қалаулысының оғаш қылығы түсіп қалған осынау бір сәт әлеуметтік желілер арқылы тез тарап, жергілікті жұрттың ашуын туғызуда. Тұрғындар Дилфуза Жалилованы өтірікші деп айыптап, осынау әрекеті үшін жауап беруін талап етіп отыр.


Соңғы жаңалықтар