Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.
Дегенмен, ол «YouTube»-тегі осы видеосын өшіріп тастап, өз кінәсін мойындағысы келмеген. Алайда, Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы хабарлап отырғандай, оның тура сондай сипаттағы видеолары «Instagram» және «TikTok» желілерінде сақталып тұрған.
«Мұндай әрекеттерді жасағаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 180-бабына сәйкес бір ғана жазаны — бас бостандығынан айыруды қарастырады. Сотталғандар жазасын орташа қауіпсіз түрмеде өтейді», — деп хабарлады СҚО прокуратурасы.
Жалпы, дереккөзге сүйенсек, жыл басынан бері облыста ұлтаралық араздық пен сепаратизмді қоздыру фактілері бойынша 14 адамға қатысты 10 қылмыстық істі қаралған.