TikTok-тағы ойыннан балалардың суицид жасап жатқаны рас па? - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
TikTok-тағы ойыннан балалардың суицид жасап жатқаны рас па?

TikTok-тағы ойыннан балалардың суицид жасап жатқаны рас па?

Желіде елдің зәресін ұшыратын аудиожазба тараған еді. Дауыстық хабарламада автор 13 жасар қызы өзіне қол салғанын, ол мұндай қадамға TikTok желісіндегі ойыннан кейін барғанын айтады.

  • 18 Қаңтар 2023
  • 13
Фото - Caravan.kz

Оқиғаның рас-өтірігі анықталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Stopfake.kz —  ке сілтеме жасап.

Ер адамның айтуынша, қызы 12 қаңтарда суицид жасаған. Дәл сол күні Таразда тұратын тағы екі бала TikTok-тағы ойын кесірінен қайтыс болған.

«12-сі күні 13 жасар қызымнан айырылдым. Әйеліммен үйге келгенде қызымызды баспалдақта асылып тұрған күйінде таптық. Балалардың телефонын тексеріп тұрыңыздар, өтінемін. Мұның барлығы телефоннан екен. TikTok-та бір ойын бар, онда турлардан өтеді. Алдымен, ұстараның жүзімен тамырын кеседі, кейін асылып өледі», – дейді аудиожазбадағы ер адам.

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі бұл ақпарат жалған екенін айтып отыр.


«Ақпарат расталған жоқ», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.