Тікұшақ апатынан қаза тапқан Иран президенті неге "Тегеран қасапшысы" деген атпен тарихта қалды? - kaz.caravan.kz
  • $ 480.61
  • 534.53
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тікұшақ апатынан қаза тапқан Иран президенті неге "Тегеран қасапшысы" деген атпен тарихта қалды?

Тікұшақ апатынан қаза тапқан Иран президенті неге "Тегеран қасапшысы" деген атпен тарихта қалды?

Раиси 70-жылдардың аяғында Ислам революциясының белсенді қатысушысы болған.

  • 21 Мамыр
  • 31
Фото: Әшкере арнасынан алынған

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Әшкере» арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

1988 жылдан бастап Раиси прокурор қызметін атқарған. Осы қызметі үшін оны Amnesty International ұйымы 80-жылдардың аяғында саяси тұтқындарды жаппай өлім жазасына кесуге жауапты шенеуніктер қатарына қосты.

«Өлім комитеті» аталып кеткен құрамда ол бес ай бойында саяси тұтқындарды өлім жазасына кесумен айналысқан. Осы кезде түрлі бағалау бойынша, ол 3 мыңнан 20 мыңға дейін адамның өмірін қиып, «Тегеран қасапшысы» атанған.

Осы үшін 2019 жылы АҚШ оны «аяқ-қол кесіп жазалады және кәмелетке толмағандарды өлімге кесті» деп айыптап, дербес санкциялық тізімге қосты.

Ол басқарған билік кез келген өзгеше ойлау әрекетіне тосқауыл қойып, қатаң жазалап отырған.

Елде хиджабты дұрыс кимеді деген айыппен ұсталып, кейін қаза болған Мехди Әминидің оқиғасында президент хиджаб кию талабын қатаңдатқан. Ал таяуда елдегі жағдайды айтып сынаған рэп орындаушысы өлім жазасына кесілді.

Бірақ елде президенттен жоғары бір қызмет бар – бұл аятолла деген жоғарғы атақ, бұл атақ қазір Әли Хаменеиде. Оның айтқанына президент қарсы шыға алмайды.