Тіл арқылы жеріміз де сақталады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тіл арқылы жеріміз де сақталады

Тіл арқылы жеріміз де сақталады

Бірер жыл бұрын осы қауіпті заңды Президентіміз Қ-Ж. Тоқаев өзгертіп, шетел азаматтарына ауылшаруашылық жерлерін сатуға тиым салатын заңға қол қойған еді.

  • 31 Мамыр
  • 5
Фото: ашық дереккөз

Бұл заңымыз жерімізді қалай сақтайды? Бұл туралы журналист Рүстем Әшетаев түсіндірме жазбасын қалдырды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Естеріңізде болса біздің аулшаруашылық жерлеріміз шетел азаматтарына ұзақ мерзімге жалға берілетіні туралы заң қабылданып, ол әупірімдеп мораториямен тоқтатылып тұрған болатын.

Бірер жыл бұрын осы қауіпті заңды Президентіміз Қ-Ж. Тоқаев өзгертіп, шетел азаматтарына ауылшаруашылық жерлерін сатуға тиым салатын заңға қол қойған еді.

Бірақ “Қазақстан азаматтарына сатуға рұхсат беретін” қауіпті заң күшінде қалған. Ол тек мораторияда тұр. Осы заңды талқылайтын кезде шешуші рөл ойнаймыз деген дәмемен ел ішінде бірнеше “проектілер” жүрген еді. Қазір өте белсенді болып халықтың сүйіктісінің рөлін ойнап.

Бұларға қосымша, Қазақстан азаматтығын алған жағдайда моратория ашылған күні жерді заңды алуға мүмкіндік туатын шетелдіктердің де дәмесі болған. Мына заң арқылы бірәз шетелдіктердің дәмесі үзілетін болды. Олар енді біздің азаматтықты алулары екіталай.

Өйткені, қазақ тілін білмейтіндерге азаматтық берілмейтіні туралы заң қабылданды.

Бұл заң үшін бүкіл белсенді қоғам өкілдері неге дүр сілкініп қуанбай отырғандары түсініксіз.