К. Ахановтың «Қазақ тілі», М. Базарбаевтың «Қазақ интонациясы», А. Аманжоловтың «Көне түркі жазуының тарихы мен теориясы», С. Аманжоловтың «Қазақ тілі теориясының негіздері» еңбектері келушілердің қызығушылығын тудырды.
Мемлекеттік тілді енді үйреніп жатқандар Е. Романенконың «Орыс тілді аудитория үшін қазақ грамматикасы», А. Бектұровтың «Қазақ тілін өздігінен оқып үйрену» және Ш. Бектұрованың «Қазақ тілі барлығы үшін» атты еңбектерімен танысты.