"Тіл табысқым келеді": Трамп Путин және Си Цзиньпинмен кездесетінін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тіл табысқым келеді": Трамп Путин және Си Цзиньпинмен кездесетінін айтты

"Тіл табысқым келеді": Трамп Путин және Си Цзиньпинмен кездесетінін айтты

28-29 маусымда Осака қаласында "Үлкен жиырмалық" саммиті өтеді.

  • 20 Маусым 2019
  • 12
Фото - Caravan.kz

АҚШ президенті Дональд Трамп "Үлкен жиырмалық" (G20) саммитінде Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин және ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесетінін растады.

"Ресеймен тіл табысқым келеді және сәті түседі деп ойлаймын. Қытаймен тіл табысқым келеді және сәті түседі деп ойлаймын. Келесі аптада Жапониядағы G20 саммитінде екеуімен де кездесемін", — деді Трамп Fox News сайтына берген сұқбатында.

Бұдан бұрын Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтқандай, Ресей президенті мен АҚШ мемлекет басшысының кездесуі G20 саммиті қарсаңында өтуі мүмкін. Бірақ Песковтің сөзіне сүйенсек, осы орайда Вашингтон әлі ықылас танытып, бірінші қадам жасамаған көрінеді.

G20 саммиті 28-29 маусымда Осака қаласында (Жапония) өтеді. Ірі шараға мемлекет басшылары, делегация мүшелері мен БАҚ өкілдерін қосқанда 30 мың адам қатысады.


Соңғы жаңалықтар