"Тілдің мәселесінде ұсақ-түйек деген жоқ": Қазмедиа орталығының басы дауға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 516.93
  • 542.52
-16 °C
Алматы
2024 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Тілдің мәселесінде ұсақ-түйек деген жоқ": Қазмедиа орталығының басы дауға қалды

"Тілдің мәселесінде ұсақ-түйек деген жоқ": Қазмедиа орталығының басы дауға қалды

Қазақ тіліне деген қоғамның көзқарасы қалай өзгергені туралы алдында материал жаздық.

  • 11 Желтоқсан
  • 9
Фото: Яндекс карта

«Qazaq Coffee» кофеханасы қазақ тілімен болған даудан кейін жабылған еді. Енді мемлекеттік тілдің тағдыры үшін күресетіндер жан-жағын бақылап жүруді қолға алыпты. Caravan.kz медиа порталы тарқатады.

Қазмедиа орталығы деген ғимаратта қазақ тілінің тазалығы үшін күрескіш, қате сөйлесең жөндегіш, қазақ тілінің сойылын соға жүріп тикток пен инстаграмда лайк жинағыш журналистер жұмыс істейді.

Сол журналистердің кем дегенде жартысы кем дегенде күнара ғимараттың екінші қабатындағы асханаға барады.

Ал, сол асханадағы қазақ тілінің жағдайы төмендегідей.

«Qazaq Coffeeні тепкілеп тастап едік. Мынаған неге үндемей жүрсіздер? Тілдің мәселесінде ұсақ-түйек деген жоқ! Тамақ ішкенде де жан-жақтарыңа қарап отырсаңдаршы», — деп пікір білдірді Алмас Алтай.