Күдіктіге тағылған «бұзақылық жасады» деген айып енді «тонау» бабына ауыстырылған. Егер кінәсі дәлелденсе, 22 жастағы жігіт 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бірнеше күн бұрын Ботагөз Жұманованы тура үйінің кіреберісінде соққыға жыққан бұзақының ұсталғанын хабарлаған едік. Ол жауап алу кезінде кездейсоқ адамды тонамақ болғанын жеткізген. Артынан көршілер шу көтерген соң журналистің бағалы заттарын алып үлгермедім дегенді алға тартты. Күдіктінің жауабы жіті тексерілмек. Себебі, көпшілік журналиске қастандық жасалды деген пікірде.
Loading...